locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Уоткинс: Эмери — тактикалық данышпан

«Астон Вилла» шабуылшысы дубль жасап, «Стэмфорд Бридждегі» жеңістің сырын ашты
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Астон Вилланың» дубль авторы, екі голымен «Челсиді» тізе бүктірген шабуылшысы Олли Уоткинс матчтан кейінгі тактикалық өзгерістер жайлы сыр шертті.

Лондонда өткен «Челси» мен «Астон Вилла» арасындағы текетірес 1:2 есебімен бирмингемдік ұжымның пайдасына шешілді. Ойын барысында алаң иелері 63-минутқа дейін 1:0 есебімен алда тұрды, алайда қонақтар таразы басын теңестіріп, матч соңында жеңісті жұлып әкетті – 1:2. Екі голдың да авторы – Олли Уоткинс.

«Ол тактиканы өзгертті, себебі «Челси» жеке қорғанысқа көшті, бірақ біз ұзын пас бергенде олардың қосымша орталық қорғаушысы болды. Екінші таймда алаңға шыққанда, ол қапталға Джейдон Санчо мен Морган Роджерсті шығарды, ал Юри Тилеманс ондық позициясына ауысты – осылайша бізде қосымша ойыншы пайда болды. Ол – тактикалық данышпан», – деді Уоткинс. Сондай-ақ, ол: «Екі гол соғып, «Челсиді» жеңу – бұл керемет сезім», – деп қосты.

Унай Эмери баптайтын команда 40 ұпай жинап, турнир кестесінің үшінші сатысында нығая түсті.

АПЛ-дың «Челси» алаңындағы сырт алаңдағы жеңісінен кейін бирмингемдіктердің барлық турнирдегі жеңіліссіз сериясы 11 матчқа жетті. Сонымен қатар «Вилланың» жеңіс жолы премьер-лигада қатарынан сегіз ойынға ұласты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie