locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астон Вилла» «Челсиді» жеңіп, жеңісті сериясын қатарынан 11 ойынға жеткізді

Англия чемпионатында жеңістер сериясы қатарынан сегіз кездесуге ұласты
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Астон Вилланың» барлық турнирдегі жеңісті сериясы жалғасын тапты. 27 желтоқсанда АПЛ аясында қонақта «Челсиді» жеңгеннен кейін, бұл серия қатарынан 11 матчқа дейін өсті.

Лондонда «ақсүйектерге» қарсы өткен кездесу 1:2 есебімен бирмингемдік команданың пайдасына аяқталды. Сонымен қатар, премьер-лига аясындағы «Вилланың» жеңісті сериясы сегіз ойынға жетті.

Бирмингемдіктердің жеңісті шеруі 9 қарашада өз алаңында «Борнмутты» (4:0) тізе бүктіргеннен басталды. Одан кейін чемпионатта «Лидс» (2:1), «Вулверхэмптон» (1:0), «Брайтон» (4:3), «Арсенал» (2:1), «Вест Хэм» (3:2) және «Манчестер Юнайтед» (2:1) командаларын ұтты. Бұдан бөлек, «Вилла» Еуропа Лигасының топтық кезеңінде тағы үш рет жеңіске жетті: «Маккаби» (2:0), «Янг Бойз» (2:1) және «Базель» (2:1).

«Челси» - «Астон Вилла» – 1:2 (1:0)

Голдар: Жоао Педро, 37 (1:0), Уоткинс, 63 (1:1), Уоткинс, 84 (1:2)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie