locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ертегі жалғасуда! «Астон Вилла» қонақта «Челсиді» 0:1 есебінен ұтып кетті

Унаи Эмери командасы Англия чемпионатында сегізінші рет жеңіске жетті
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Ертегі жалғасуда! «Астон Вилла» қонақта «Челсиді» 0:1 есебінен ұтып кетті
ФОТО: Getty images

27 желтоқсан күні Лондонда премьер-лиганың 18-турында «Челси» өз алаңында «Астон Вилланы» қабылдады. Бұл кездесудің нәтижесі 2:1«Вилланың» пайдасына. Керемет сенсация!

Алғашқы таймда толығымен «көктердің» басымдығы байқалды. Тайм соңына таман Рис Джеймс бұрыштан допты айып алаңына асырды, ал Жоао Педроға тиіп кеткен доп қақпа торына түсіп кетті.

Бірінші таймда өз жарты алаңынан шыға алмаған «Астон Вилла» екінші таймда айтарлықтай белсенділік танытты. 63-минутта Олли Уоткинс есепті теңестірді. Ал ойын соңына жақын Уоткинс бұрыштамадан келген допты баспен дәл бағыттап, дубль жасады.

Қалған уақытта ойын нағыз шайқасқа айналды, орталық алаң толықтай ашылды. Екі команда да қауіпті шабуылдап, әсіресе бирмингемдіктер өткір көрінді (Санчес бірнеше рет құтқарды). Дегенмен, соңғы минуттарда есеп өзгерген жоқ.

Финалдық ысқырық «Астон Вилланың» барлық турнирлердегі қатарынан 11-ші және АПЛ-дегі сегізінші жеңісін тіркеді. Унаи Эмери шәкірттері 40 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында қала берді. Олар төртінші орындағы «Ливерпульден» 7 ұпайға алда. Ал «Челси» 29 ұпаймен бесінші орында.

Англия Премьер-лигасы. 18-тур

«Челси – «Астон Вилла» – 1:2 (1:0)

Голдар: Жоао Педро, 37 (1:0), Уоткинс, 63 (1:1), Уоткинс, 84 (1:2)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie