«Челси» – «Астон Вилла». 27 желтоқсан. Онлайн қараңыз. Live трансляция
«Аристократтар» Эмери бастаған «Астон Вилланың» рекордтық сериясын тоқтата ала ма?
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
27 желтоқсан күні Англия Премьер-лигасының 18-тур аясында «Челси» мен «Астон Вилла» командаларының кездесуі өтеді.
Ойын Лондонда, «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді. Матчтың бас төрешісі — Стюарт Аттуэлл. Қарсыласу Астана уақытымен 22:30-да басталады және тікелей эфирде Setanta Sports телеарнасында көрсетіледі.
- Матчтың ең қызықты сәттерін Telegram-дағы live режимінде тамашалай аласыз Sports24.kz!
17 турдан кейін «Челси» 29 ұпаймен төртінші орында келеді, ал бирмингемдік ұжым 36 ұпаймен үшінші сатыда тұр және 10 жеңістен тұратын рекордтық серияға ие.
Турнир кестесінде көш бастап тұрған — 39 ұпай жинаған «Арсенал».