locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Инфантиноны сотқа береді: Әлем чемпионаты құқықтарын сату дауы өршіп тұр

Халықаралық футбол федерациясын да УЕФА-дан талап күтіп тұр
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) әлем чемпионаты мен басқа да ірі турнирлерге құқықтардың бір бөлігін үшінші тарап инвесторларға сату келісімінің бұзылуына байланысты сотқа жүгінетінін хабарлады, деп жазады Sports24.kz.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноға арнайы хат жолдап, "ЧМ құқықтарын сату" бойынша барлық материалдарды сақтауды талап етіп, сотқа талап қоюға ниетті екенін ескерткен.

Құжаттың көшірмесі Thrive Eternal қорының негізін қалаушысы Джошуа Кушнерге де жіберілген. Ақпарат құралдары оны ФИФА жобасының ықтимал инвесторлары консорциумының жетекшісі деп атаған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін УЕФА, АФК және КОНКАКАФ жаңа реформаларға бірауыздан бойкот жариялаған еді. Бұл ұйымдардың мүшелері өзгерістер қабылданған жағдайда жарыстарға қатыспайтындары туралы ескерткен.

Бұған дейін The Times газетінде ФИФА басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатына коммерциялық құқықтардың бір бөлігін жеке инвесторларға сатуды көздейтін, ондаған миллион доллар табыс әкелуі мүмкін схеманы жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Бұл жоспар бойынша, басты ерлер және әйелдер турнирлерін – әлем чемпионаты мен клубтық әлем чемпионатын бақылайтын компания құрылуы тиіс болған. Сондай-ақ, ұйым АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігіне жақын тұлғалармен кеңескені айтылған.

Кейін ФИФА бұл жоспардан бас тартқаны белгілі болды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie