Тебас «Реалдың» АҚШ-тағы «Барселона» матчы жайлы сынына қатаң жауап берді
Мадридтік «Реал» тарапынан «Вильярреал» - «Барселона» кездесуін АҚШ-та өткізу идеясына қатысты біраз сын айтылды. Ла Лига президенті Хавьер Тебас «корольдік клубтың» бұл ұстанымына қарымды соққы жасады.
Тебас тар өрісті көзқарастың кесірінен испан футболының танымалдығын арттыру мүмкіндігі жіберілгеніне өкініш білдірді. Лига басшысы ерекше назарын «Реалға» аударды.
«Бүгін испан футболы дамуына, әлемге танылуына және болашағын нығайтуға мүмкіндік жіберіп алды. Тағы да «дәстүрді қорғау» деген тар, провинциялық көзқарастан аргумент келтірілді, ал нағыз дәстүрлерді Еуропа футболында жыл сайын ұлттық лигаларды әлсірететін шешімдер бұзып жатыр — бұл құрлықтағы футбол индустриясының шынайы қозғаушы күші еді.
«Жарыстың «тұтастығы» жайлы солар айтады, ал жылдар бойы оны өздері күмәнға салып, төрешілер мен шенеуніктерге қысым көрсетіп, шынайылықты бұрмалап, саясат пен медианы спорттық қысым құралына айналдырған», – деп жазды Тебас өзінің Х-тегі парақшасында.
Бұған дейін Ла Лига «Вильярреал» - «Барселона» матчы АҚШ-та өтпейтінін Испаниядағы белгісіздікке байланысты мәлімдеген болатын.