Ла Лига «Вильярреал» - «Барселона» матчы Майамиде өтпейді – маңызды мәлімдеме жасалды
Ла Лига аясындағы «Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы матчтың АҚШ-тың Майами қаласында өтуі испан қоғамында үлкен резонанс тудырып, тіпті футболшылардың наразылық акциясына ұласты. Осыған байланысты Лига ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.
Ла Лиганың ресми мәлімдемесіне сәйкес, Майамиде матч өтпейтін болды. Бұған Испанияда туындаған белгісіздік себеп болғанымен, лига болашақта чемпионатты Пиреней түбегінен тыс жерлерде де танымал етуді жалғастыратынын жеткізді.
«Ла Лига жобаны жүзеге асырудағы дайындықтары мен ынтымақтастығы үшін клубтарға алғысын білдіреді, сондай-ақ жарыстың дамуына деген тұрақты адалдығы үшін рахмет айтады. Ла Лига бұрынғысынша испан футболын әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізу үшін жұмысын жалғастырады, ашық, заманауи және бәсекеге қабілетті концепцияны дамыта отырып, клубтарға, ойыншыларға және жанкүйерлерге пайда әкелуді көздейді».
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Ла Лиганың тоғызыншы турдағы ойыншылар наразылығын жасырып қалғанын қатаң сынға алды.