locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы Кедзи Хоригути кім?

Асу Алмабаев UFC-дегі мансабындағы ең тәжірибелі қарсыластарының біріне жолықпақ
Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы Кедзи Хоригути кім?
ФОТО: Getty images

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы жапониялық Кедзи Хоригути болады. Алдағы жекпе-жек туралы қазақстандық спортшының командасы DAR Pro Team хабарлады. Кездесу 21 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінде жоспарланған, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алмабаев бұған дейін де келесі қарсыласының тәжірибелі әрі қауіпті файтер екенін айтқан еді. Оның сөзінше, менеджерлер бұл кездесуді титулдық жекпе-жекке апаратын маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Хоригутидің деңгейін оның мансабынан-ақ аңғаруға болады. Жапон файтері кезінде UFC чемпионы Деметриус Джонсонмен белбеу үшін айқасқан, кейін RIZIN мен Bellator ұйымдарында чемпион атанды және кәсіпқой ММА-да 40-тан астам жекпе-жек өткізді.

Бес жасынан каратэмен айналысқан

Кедзи Хоригути 1990 жылғы 12 қазанда Жапонияның Такасаки қаласында дүниеге келген. Ол жекпе-жек өнеріне өте ерте келді - бес жасынан бастап каратэмен айналысып, кейін екінші дан қара белбеуіне дейін жетті.

18 жасында Хоригути ММА-ға біржола бет бұрды. Мектепті аяқтаған соң колледжге түспей, Токиоға көшіп, өзінің кумирі болған әйгілі Норифуми «Кид» Ямамотоның залында жаттыға бастады.

Кәсіпқой ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін Хоригути 2010 жылдың мамырында өткізді. Алғашқы үлкен жетістіктеріне Shooto ұйымында жетіп, кейін сол промоушеннің чемпионы атанды.

ФОТО: Хоригути

UFC-де титулға дейін тез жетті

Хоригути UFC-де алғаш рет 2013 жылдың қазанында өнер көрсетті. Ол промоушендегі алғашқы жеті кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, небәрі бір жарым жылдан кейін чемпиондық мүмкіндік алды.

2015 жылдың сәуірінде жапон файтері наилегчайший дивизионның аңызы Деметриус Джонсонға қарсы UFC белбеуі үшін шықты.

Хоригути бес раундқа жуық шыдап берді. Бірақ жекпе-жектің аяқталуына бір секунд қалғанда Джонсон қолды ауырту әдісін жасап, айқасты аяқтады. Бұл Хоригутидің UFC-дегі алғашқы жеңілісі болды.

Одан кейін жапон файтері қатарынан үш кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 2016 жылы келісімшарты аяқталған соң UFC-ден 7-1 рекордымен кетті.

ФОТО: Хоригути

RIZIN және Bellator чемпионы

UFC-ден кеткеннен кейін Хоригутидің мансабы бәсеңдеген жоқ. Керісінше, ол Азиядағы ең атақты файтерлердің біріне айналды.

2017 жылы жапондық RIZIN гран-приін жеңіп алды. Жартылай финалда Манел Капені тоқтатса, сол кештің финалында Синтаро Исиватариға қарсы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Кейін Хоригути RIZIN-нің жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Одан бөлек, Bellator белбеуін иеленді. Наилегчайший салмаққа түскен соң RIZIN тарихындағы осы дивизионның алғашқы чемпионы болды.

Осылайша оның мансабында Shooto, RIZIN және Bellator чемпиондық атақтары бар.

ФОТО: Хоригути

UFC-ге тоғыз жылдан кейін оралды

2025 жылы Хоригути UFC-ге қайта оралып, әлі қол жеткізбеген басты мақсаты - ұйымның чемпиондық белбеуі үшін тағы бір рет күресуді көздейтінін айтты.

Қайта оралғаннан кейінгі алғашқы айқасында ол 2025 жылдың қарашасында Катарда Тагир Уланбековті үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Кейін 2026 жылдың ақпанында бұрынғы титул үміткері Амир Альбазиден төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті.

Алайда маусым айында жеңісті сериясы тоқтады. Хоригути Манел Капемен қайта кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Бұған дейін, 2017 жылы, жапон файтері Капені өзі сабмишнмен жеңген болатын. Осылайша олардың өзара есебі 1:1 болды.

Хоригути несімен қауіпті?

Хоригутидің басты артықшылығы - жылдамдығы мен әмбебаптығы.

Каратэ базасының арқасында ол аяқпен өте жақсы қозғалады, қашықтықты жылдам қысқартады және шабуыл бұрыштарын жиі өзгертеді. Қарсыластың соққысына ілікпей кіріп-шығу - оның негізгі қаруларының бірі.

Бірақ Хоригутиді тек соққышы деп қарауға болмайды. Ол күресте де қауіпті, тейкдаундарды жақсы қолданады және партерде қарсыласын аяқтай алады.

UFC статистикасы бойынша жапон файтері минутына орта есеппен 3,64 дәл акцентті соққы жасайды және 2,08 соққы өткізеді. Сонымен қатар 15 минут ішінде орта есеппен 1,67 тейкдаун орындайды.

Кәсіпқой мансабында Хоригути 36 жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Оның 15 жеңісі нокаутпен, тағы алтауы сабмишнмен аяқталған. Он қарсыласын бірінші раундта-ақ тоқтатқан.

ФОТО: Хоригути

Асу мен Хоригутидің ортақ қарсыласы бар

Алмабаев пен Хоригутидің мансабында ортақ бір есім бар - Манел Капе.

Қазақстандық файтер оған 2025 жылдың наурызында техникалық нокаутпен жеңілсе, Хоригути 2026 жылдың маусымында дәл сондай нәтижемен есе жіберді.

Сол жеңілістен кейін Асу үш кездесуді қатарынан ұтты. Ол алдымен Хосе Очоаны төрешілер шешімімен жеңді, кейін экс-титул үміткері Алекс Пересті мерзімінен бұрын тоқтатты, ал 27 маусымда Чарльз Джонсонды сирек кездесетін «Сулоев созылуы» әдісімен жеңді.

Қазір Алмабаевтың кәсіпқой рекорды - 24 жеңіс және үш жеңіліс, оның 11 жеңісі сабмишнмен келген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie