Суперкомпьютер КПЛ-дағы чемпиондық жарыстағы жағдайды бағалады: «Қайратқа» кубокты қазірден бере беруге бола ма?
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турынан кейін «Ордабасы» әлі де турнир кестесінің көшін бастап тұр, алайда жоғалтқан ұпайлар бойынша бірінші орында «Қайрат» келеді. Суперкомпьютер маусым қорытындысы бойынша ҚПЛ-дағы чемпиондық жарыстың қалай аяқталатынын бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Оқжетпес» — «Ордабасы» матчы басталғанға дейін Шымкент командасы мен «Қайраттың» чемпион атану мүмкіндігі шамалас еді: сәйкесінше 43% және 56%. Алайда Андрей Мартин шәкірттерінің Көкшетаудағы жеңілісі олардың мүмкіндігіне қатты соққы болды.
25-тур қарсаңында FMD суперкомпьютері «Қайраттың» чемпиондық атаққа ие болу мүмкіндігін 78,1%-ға бағалап отыр, ал «Ордабасының» чемпиондық ықтималдығы 21,7%-ға дейін төмендеді.
Суперкомпьютердің есебіне сәйкес, «Қайратқа» чемпион болу үшін 69 ұпайдың өзі жеткілікті болуы мүмкін (ықтималдығы — 75%), ал 71 ұпай Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне қатарынан үшінші чемпиондық атақты іс жүзінде кепілдейді.
«Ордабасыға» дәл сондай 71 ұпай маусым қорытындысы бойынша бірінші орынға таласуға шамамен 50 пайыздық мүмкіндік қана береді.