locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев алаңға оралғаннан кейін қазақ халқына үндеу жолдады

Қазақстандық вундеркинд отандастарына қолдауы үшін алғыс айтты
ФОТО: instagram.com/d.satpayev

«Бернли» клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев алаңға оралғаннан кейін отандастарына қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Қолдауларыңыз үшін рақмет, қазақ елі!
Алға, бордылар, біз жалғастырамыз!», - деп жазды Дастан Instagram-дағы парақшасында.

Дастан жазбасына жанкүйерлер Қазақстанның мемлекеттік туын ұстап, жақында өткен «Уотфордқа» қарсы матчта оны қолдап тұрған суретін қосты.


Еске салайық, 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Чемпионшиптің тоғызыншы турындағы «Уотфордқа» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, шамамен 20 минут ойнады.

Оған дейін шабуылшы санның артқы бұлшықетіндегі жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт ойынға қатыспады. Ол қыркүйек айының басынан бері алғаш рет алаңға шықты. «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы кездесуде Сәтпаев 74-минутта Якоб Бруун Ларсеннің орнына ойынға қосылды.

Айта кетейік, «Бернли» қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, Чемпионшиптің осы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie