Соңғы секундқа дейін интрига! Тартысты пенальти сериясында ғана «Оқжетпес» пен «Астана» матчтың жеңімпазын анықтай алды
Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойынында «Оқжетпес» Көкшетауда өз алаңында «Астананы» қабылдады. Ойын «Оқжетпес» стадионында өтті.
Алаң иелері бірінші таймда есеп ашты - Алияр Мұхамед қонақтардың қорғанысын басып өтіп, Йосип Чондрич қақпасына гол соқты. Үзілістен кейін бірнеше қауіпті сәттер тудырған «Астана» белсенділік танытып, Рамазан Кәрімовтің күшімен ойынды қосымша уақытқа аударды, одан кейін пенальти сериясында елордалық клуб жеңіске жетті.
Қазақстан кубогы. 1/8 финал
«Оқжетпес» – «Астана» – 1:1 (1:0), 1:1 ОТ, 7:8 пенальти сериясы.
Голдар: Мұхамед, 21 - Каримов, 64.
11 метрлік соққылардың шиеленіскен сериясында астаналықтар дәлірек болып, турнирдің ширек финалына шықты. Келесі турда елордалық клуб «Жеңіс» - «Ақтөбе» жұбының жеңімпазымен ойнайды.