locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Ферапонтов: Мұндай жанкештілікпен біз кез келген командамен тайталаса аламыз

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Андрей Ферапонтов: Мұндай жанкештілікпен біз кез келген командамен тайталаса аламыз
ФОТО: Getty Images

Көкшетаулық «Оқжетпес» командасының бас бапкері Андрей Ферапонтов Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында «Астанаға» қарсы өткен шиеленісті кездесуден кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Негізгі және қосымша уақыт тең нәтижемен аяқталды - 1:1, ал пенальти сериясында елордалықтар сәл мықтырақ болып шықты - 8:7.

- «Бұл нағыз кубоктық кездесу болды - қарқынды, шиеленісті, эмоцияға толы. Иә, аса көп голдық сәттер бола қойған жоқ, бірақ ойын бойы интрига мен кернеу сақталып тұрды. Барлық 120 минут бойы», - деді Ферапонтов.

Бапкер сонымен қатар командасының физикалық дайындығына ерекше тоқталды:

- «Статистикаға қарасақ, бірнеше ойыншымыз 15 шақырымнан аса жүгірген. Көптеген спринтерлік, жоғары қарқынмен өткен сәттер болды. Жігіттер бар күштерін салды. Әрине, сәл шеберлік пен класстың жетіспеушілігі бар, бірақ біз әр ойын сайын өсіп келеміз. Мен ойыннан кейін жігіттерге айттым: егер біз «Астанамен» тең дәрежеде ойнай алсақ, онда Премьер-лигадағы кез келген командамен жеңіс үшін күресе аламыз».

Ойын барысына тоқталсақ, «Оқжетпес» есепті 21-минутта ашты - жедел шабуылдың нәтижесінде Алияр Мұхамед қарсылас қақпасына дәл соққы жасады. Екінші таймда «Астана» басымдықты өз қолына алып, 64-минутта Рамазан Кәрімов таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта есеп өзгермей, матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл «лотереяда» сәттілік елордалық команданың жағында болды - 8:7.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie