locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Григорий Бабаян Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Оқжетпеспен» өткен ойыннан кейін өз ойын білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Григорий Бабаян Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Оқжетпеспен» өткен ойыннан кейін өз ойын білдірді
ФОТО: ФК Астана

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Оқжетпеспен» (1:1) өткен матч жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 тең есебімен аяқталып, «Астана» пенальти сериясында ширек финалға жолдама алды.

«Кубок ойындары әрдайым ауыр өтеді, оның үстіне бұл сырт алаңдағы матч, ал алаңның сапасы көңілден шықпады. Қарсылас та өте төмен орналасып, тығыз қорғанысты таңдады… Көп соққы, гол соғатын сәт, стандарт, фланг арқылы берілген пас болды, бірақ, өкінішке қарай, бір ғана гол соға алдық…

Пенальти сериясы басталды – бұл нағыз лотерея, бастысы кездесу осылай аяқталғаны жақсы болды. Көңіл қуантатыны – келесі кезеңге өттік, бүгін алаңға шыққан жігіттер ойын тәжірибесін жинады, барлық ауыстырулар жоспарлы түрде өтті», -деді Бабаян.

Кубоктың ширек финалында елордалық дерби өтеді - «Жеңіс» пен «Астана» жартылай финалға өту үшін күш сынасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie