«Оқжетпес» - «Астана». Соңғы пенальтиге дейін күрес. Голдар және матчқа бейнешолу
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Астана ФК
Көкшетауда Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы матч өтті. «Оқжетпес» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдады.
Ойынның негізгі уақыт тең есеппен аяқталды - 1:1. 21-минутта алаң иелері есеп ашты: Алияр Мұхамед дәл соққымен командасын алға шығарды. Дегенмен, астаналық ұжым екінші таймда жауап қайтарып, Рамазан Каримов таразы басын теңестірді.
Қосымша уақытта есеп өзгеріссіз қалды, ал ширек финалға жолдаманың тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл кезеңде «Астана» ойыншылары сәттірек болды - 8:7.
Енді астаналық клуб жартылай финал жолдамасы үшін «Жеңіспен» кездеседі.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.