locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Соңғы екі чемпион екі жақта. Үшінші турдан кейінгі ҚПЛ турнирлік кестесі

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Соңғы екі чемпион екі жақта. Үшінші турдан кейінгі ҚПЛ турнирлік кестесі
ФОТО: ҚФФ

29 және 30 наурыз күндері Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойындары өтті.

Ойынның алғашқы күні қызу матчтар өтті – «Қайсар» өз алаңында «Оқжетпестен» соңғы минуттарда жеңісті жіберіп алса, «Қайрат» «Тұранмен» ойында азшылықта жігерлі түрде жеңіске жетті.

Екінші күні бес кездесу өтті. Өткен маусым Кубогының финалистері арасындағы кездесу ірі есеппен аяқталды – батыс дербиінде ақтөбеліктер «мұнайшылар» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Томасовтың хет-тригінің арқасында «Астана» «Жетісуды» ойсырата жеңе алды. Сондай-ақ соңғы кездесулерде 3 тең есеп тіркелді.

Турдың қорытындысы бойынша турнир кестесін жеті ұпаймен «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» командалары бастап тұр. Бірақ соғылған голдар санының арқасында алматылықтар кестеде топ жарып тұр. Ал соңғы орында шымкенттік «Ордабасы» жайғасты. Андрей Мартин шәкірттері үш ойында екі ұпай жинап, бірде-бір гол соққан жоқ.

Осылайша, Қазақстанның соңғы екі чемпионы біріншілікте алғашқы және соңғы орындарды түйіндеді.

ФОТО: Flashscorekz.com
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie