locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Слован» қорғаушысы Байрич «Қайраттан» жеңіліс жайлы: «Қызыл қағаз шешуші рөл атқарды деп ойламаймын»

Словакиялық құрама ойыншысы пенальтиге дейін қақпа маңындағы қауіпті сәттерге жол берілмеді деп санайды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Слован» қорғаушысы Байрич «Қайраттан» жеңіліс жайлы: «Қызыл қағаз шешуші рөл атқарды деп ойламаймын»
ФОТО: «Слован» ФК

«Слован» қорғаушысы Кенан Байрич Legalbet.kz порталына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайраттан» (0:1) жеңілгендері туралы пікір білдірді. Жалғыз голды қазақстандық команда матчтың соңына таман пенальтиден соқты.

– Бұл өте ауыр ойын болды. Біз бірнеше өкінішті қателікке жол беріп, соның салдарынан жеңілдік. Ойының басында бізде жақсы мүмкіндіктер көп болды, бірақ кейін қарсылас ойын ырғағын теңестіріп алды. Қызыл қағаз туралы айтар болсам – оның ойынымызға қатты әсер еткенін ойламаймын. Қақпамызда аса қауіпті сәттер болған жоқ. Тек пенальти ғана болды, оны болдырмауға болар еді, бірақ біз қателестік, – деді Байрич.

6 тамызда Алматыда өткен Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» братиславалық «Слованды» 1:0 есебімен жеңді. Ойынның қалай өткенін толық мына жерден оқуға болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie