«Слован» он ойыншымен қалды: братиславалық клубтың ойыншысы «Қайратпен» ойында алаңнан қуылды
Рахим Ибрахим екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Слован
Алматының «Қайрат» және Словакиялық «Слован» клубтары арасындағы тартысты кездесудің екінші бөлігінде қонақтар он ойыншымен қалды.
65-минутта братиславалық команданың қорғаушысы Рахим Ибрахим екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Алғашқы ескерту оған 51-минутта көрсетілген болатын. Одан кейін, Громыкоға қарсы ойын тәртібін бұзып, екінші сары қағазға ие болып, нәтижесінде қызыл қағаз алды.
Айта кетейік, бұл жұптағы жеңімпаз Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады және келесі кезеңде Шотландияның атақты «Селтик» клубымен кездеседі. Ал жеңілген команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Швейцарияның «Янг Бойз» клубына қарсы ойнайды.