locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» экс-ойыншысы Андрей Ульшин: Алматылықтар өз алаңында «Слованға» есе жібермейді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қайраттың» экс-ойыншысы Андрей Ульшин: Алматылықтар өз алаңында «Слованға» есе жібермейді
ФОТО: ФК Қайрат

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы футболшысы Андрей Ульшин УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раунды аясында өтетін «Қайрат» пен Братиславаның «Слован» клубы арасындағы ойын алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлады Sports24.kz.

Оның айтуынша, қазақстандық команда өз жанкүйерлерін қуанта алады және лайықты деңгейде ойнайды.

«Бүгін «Қайрат» жеңілмейді деп ойлаймын,. Команда мықты қарсыласқа лайықты қарсылық көрсете алады. Матч тартысты әрі қызықты өтетініне сенімдімін, себебі «Слован» - осал қарсылас емес», – деді Ульшин.

6 тамыз күні кешке алматылықтар Словакиядан келген қонақтарды Орталық стадионда қабылдайды. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.

Бұл жұптағы жеңімпаз Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады және шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Ал жеңілген команда Еуропа лигасының іріктеу плей-офф кезеңінде швейцариялық «Янг Бойзбен» ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie