Слот неге тағы да Салахты қосалқы құрамда қалдырғанын түсіндірді
Мысырлық ойыншы қатарынан үшінші матчты негізгі құрамда бастамайды — бұл жолы «Лидске» қарсы
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Ливерпуль» бас жаттықтырушысы Арне Слот Премьер-лиганың 15-турындағы «Лидске» қарсы ойын алдында Мохамед Салахты қатарынан үшінші рет қосалқы құрамда қалдыру туралы шешімін түсіндірді.
Слот мысырлық ойыншыны басты құрамға қоспау оңай болмағанын мойындады, өйткені Салах — команда үшін ерекше әрі аса маңызды футболшы. Алайда кейде осындай шешімдер қабылдауға тура келеді.
«Бұл ешқашан оңай шешім емес, бәріміз оның қандай мықты ойыншы екенін білеміз. Бірақ бүгін мен өзім қажет деп санаған құрамды таңдауға міндеттімін. Сондықтан осындай шешім қабылдадым», — деді нидерландтық маман.
«Ливерпуль» ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Лидс» алаңына қонаққа келді. Кездесудің басталуы астана уақытымен 22:30-да белгіленді.