Салахсыз тағы да алаңда. Слот «Ливерпульдің» «Лидспен» ойынына бастапқы құрамды атады
Премьер-лига ойынының алғашқы ысқырығы Астана уақыты бойынша 22:30-да естіледі
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Ливерпуль» ағылшын Премьер-лигасының 15-турында қонақта «Лидспен» кездеседі.
АПЛ ойынының алғашқы ысқырығы Астана уақыты бойынша 22:30-да естіледі.
Командалардың бас бапкерлері матчтың бастапқы құрамдарын жариялап үлгерді. Айта кетейік, мерсисайдтықтардың жұлдызды вингері Мохамед Салах қатарынан үшінші матчта да алаңға қосалқы құрамнан бастайды.
«Лидс»: Перри; Богл, Родон, Стрейк, Бижоль, Гудмундссон; Ампаду, Груев, Штах; Калверт-Льюин, Окафор.
«Ливерпуль»: Алиссон; Брэдли, Конате, Ван Дейк, Керкез; Гравенберх, Джонс; Собослои, Виртц, Гакпо; Эктике.