ШОК: Лионель Мессиді өлтіру жоспары әшкереленді
2026 жылғы әлем чемпионатының сахнасында Лионель Месси бұрын-соңды болмаған қорқынышты қауіптермен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Marca басылымы келтірген полиция есебіне сәйкес, Месси 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде ең көп аса ауыр қауіп-қатерлер алған ойыншы болған. Олардың бірі қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланып шабуыл жасау жоспары болғаны айтылады.
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина мен Иордания арасындағы матч алдында белгісіз ер адам Даллас әуежайына қоңырау шалып, екі сыбайласымен бірге стадионға қару-жарақ пен қолдан жасалған жарылғыш затпен кіруді жоспарлайтынын мәлімдеген. Дереккөздің айтуынша, олардың басты нысаналарының бірі ретінде Месси аталған.
Кейін дәл осындай қауіптер Аргентина мен Египет арасындағы 1/8 финал матчына дейін де түскен. Жолданған хабарламаларда аргентиналық супержұлдызға қарсы жанкешті теракт жасалуы мүмкін екені де көрсетілген. Мұндай қауіптердің әлем чемпионаты кезінде болғаны туралы толық мәліметтер полиция есебінде жарияланған.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары стадион аумағындағы қоқыс жәшіктеріне жарылғыш зат жасырылды деген жеке хабарлама алған. Полиция арнайы иттердің көмегімен стадионды мұқият тінтіп шыққанымен, ешқандай жарылғыш зат табылмады — бұл жалған дабыл екенін көрсетті.