locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси мансабындағы 921-ші голын соқты. Ал Роналдудың көрсеткіші қанша?

Аргентиналық шабуылшы «Интер Майами» сапында дубль жасап, кәсіби мансабындағы 920 гол межесінен асты
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Месси мансабындағы 921-ші голын соқты. Ал Роналдудың көрсеткіші қанша?
ФОТО: Getty images
МЛС АҚШ
15.08.2026, 20.30
Нэшвилл
-
Интер Майами
-

Лионель Месси әлемдік футбол тарихындағы рекордтарын жаңартуды жалғастырып келеді. Лига кубогындағы «Атлетико Сан-Луиске» қарсы матчта «Интер Майамидің» капитаны алғашқы таймның өзінде дубль авторы атанып, кәсіби мансабындағы гол санын 921-ге жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

39 жастағы аргентиналық үшін бұл голдар мансабындағы 920-шы және 921-ші нәтижелі соққылар болды. Қазіргі таңда Месси клубтық деңгейде 794 гол соқса, Аргентина құрамасы сапында 127 рет мергендік танытқан. Ол бұл көрсеткішке 1188 ресми матчта қол жеткізді.

ФОТО: Getty images

Месси голдарының басым бөлігін «Барселона» құрамында соқты – каталониялық клуб сапында ол 672 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Кейін ПСЖ үшін 32 гол, ал «Интер Майами» сапында қазірдің өзінде 90 голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол Аргентина құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген болып қала береді.

Мессидің кезекті рекордына қарамастан, әлемдік футбол тарихындағы ең үздік бомбардирлер тізімінің көшін әлі де Криштиану Роналду бастап тұр. Португалиялық шабуылшының еншісінде 976 гол бар. Оның ішінде 450 гол «Реал» сапында соғылса, «Манчестер Юнайтед» үшін – 145, Португалия құрамасы үшін – 146, «Әл-Наср» сапында – 129, «Ювентус» үшін – 101 гол соқты. Ал кәсіби деңгейдегі алғашқы бес голын туған клубы – «Спортинг» сапында енгізді.

Осылайша, кезекті дубльден кейін Месси Роналдуға жақындай түсті. Дегенмен португалиялықтың көрсеткішіне жету үшін аргентиналыққа әлі 55 гол жетіспейді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie