locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ширек финал ойындары қызықты аяқталды. Ұлттар лигасының жартылай финалының жұптары белгілі болды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ширек финал ойындары қызықты аяқталды. Ұлттар лигасының жартылай финалының жұптары белгілі болды
ФОТО: Getty images

23-нен 24 наурызға қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалындағы жауапты матчтар өтті. Екі кездесу пенальти сериясына ұласып, ал Португалия өз жолдамасын қосымша уақытта жеңіп алды. Осылайша, турнирдің жартылай финалында бақ сынайтын төрт құрама анықталды.

Франция – Хорватия – 2:0 (пен. 5:4, қос матч қорытындысы – 2:2)
Загребтегі 0:2 есебіндегі жеңілістен кейін Франция өз алаңында қарымта қайтарды. Олисе бір гол соғып, тағы бір нәтижелі пас берді, ал Дембеле есепті теңестірді. Жеңімпазды пенальти сериясы анықтады — бұл жолы алаң иелері мүлт кеткен жоқ.

Испания – Нидерланд – 3:3 (пен. 4:3, қос матч қорытындысы – 5:5)
Екі ойын да тартысты және нәтижелі өтті. Қосымша уақытта Ямаль мен Симонс бір-бірінің қақпасын дәл көздеді. Ал пенальти сериясында испандықтар мергендік танытты.

Германия – Италия – 3:3 (қос матч қорытындысы – 5:4)
Германия шешуші басымдықты алғашқы таймда алып үлгерді — Йозуа Киммих бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Италия үзілістен кейін үш голмен жауап қайтарғанымен, бұл жеткіліксіз болды. Жартылай финалға Юлиан Нагельсман баптайтын Германия өтті.

Португалия – Дания – 5:2 (қос матч қорытындысы – 5:3)
Португалия жеңісті қосымша уақытта жұлып алды. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, шешуші голдар экстра-таймда соғылды. Криштиану Роналду ойын басында пенальтиден мүлт кеткенімен, кейін өз голын соғып, командаға үлес қосты. Сонымен қатар, Тринкау дубль авторы атанды, ал шешуші голды Гонсалу Рамуш соқты. Бірінші гол Дания қорғаушысы Андерсеннің автоголы болды.

Ұлттар лигасының жартылай финал жұптары:
• Германия — Португалия
• Испания — Франция

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie