Килиан Мбаппе мансабындағы 500-ші ойынын өткізді
Килиан Мбаппе кәсіби мансабындағы 500-матчын өткізді. Бұл кездесу УЕФА Ұлттар лигасының 1/4 финалындағы Хорватияға қарсы жауапты ойынға сәйкес келді. Франция құрамасы пенальти сериясында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
26 жастағы шабуылшы бұл матчқа капитан ретінде шықты. Оның мансаптық көрсеткіштері мынадай:
• «Монако» — 60 матч
• «ПСЖ» — 308 матч
• «Реал» — 44 матч
• Франция құрамасы — 88 матч
Мбаппе ұлттық құрамада 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 48 гол соғып үлгерді және 2018 жылғы әлем чемпионатының иегері атанды.
500-матчтық межеге жетпей тұрып, Мбаппе тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. 9 ақпан күні Испания чемпионаты аясындағы «Атлетикоға» қарсы ойында ол гол соғып, өзінің «гол+пас» жүйесі бойынша 500-ұпайына жетті. Осылайша, 26 жасында бұл көрсеткішке жеткен ең жас ойыншы атанды.