locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Германия - Италия - 3:3. 3:0-ден жасаған камбэк Италияға көмектеспеді. Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Германия - Италия - 3:3. 3:0-ден жасаған камбэк Италияға көмектеспеді. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty Images

Наурыздың 23-нен 24-не қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалының қарымта кездесуі төрт дүркін әлем чемпиондары Италия мен Германия арасында өтті.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Кездесудің 30-минутында ұлттық құрама капитаны Йозуа Киммих пенальтиді орындап, командасына басымдық берді. 36-минутта Киммих бұрыштаманы жылдам орындап, Италия құрамасы эпизодты мүлт жіберіп алды. Бос қақпаға қарсы жалғыз қалған Джамал Мусиала екінші голды соқты. Тим Кляйндинст бірінші таймның соңғы минутында гол соғып, есепті ойсырата түсті. Екінші таймның басында Мойзе Кин Германияның айып алаңының маңында допты ұстап алып, бірге бір шыққан жерде қателеспеді. 20 минуттан кейін Кин айып алаңында допты қабылдап алып, қақпаға қарай жылдам соққы жасады. Қосылған уақытта Распадори 11 метрлік айып добын сенімді түрде орындады.

Осылайша Германия құрамасы Италияны екі матчтың қорытындысы бойынша 5:4 есебімен ұтып, УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Ұлттар лигасы. Ширек финал. 24 наурыз

Германия- Италия - 3:3 [алғашқы ойын 2:1]

Гол: Киммих, 30 (пенальти), Мусиала, 36, Кляйндинст 45 - Кин, 49, 69, Распадори, 90+5 (пенальти).

Матчқа бейнешолу:

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie