locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сегіз гол және камбек: Португалия Даниядан жеңісті жұлып алып, жартылай финалға шықты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Португалия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалдағы жауапты матч Данияға қарсы өтті және нағыз футбол спектакліне айналды — жанкүйерлер сегіз гол, бірнеше камбек және қосымша уақытта шешілген тағдырды тамашалады.

Алғашқы ойында 0:1 есебімен жеңілген Роберто Мартинес шәкірттері екінші кездесуге барынша ынтамен шықты. Алтыншы минутта Криштиану Роналду пенальти орындауға мүмкіндік алды, бірақ гол соға алмады. Алайда 38-минутта португалиялықтар алға шықты — Йоаким Андерсен өз қақпасына гол соғып алды (1:0). Екінші таймда Дания бастаманы қолға алып, 56-минутта Расмус Кристенсен бұрыштан келген пасты голға айналдырып, есепті теңестірді (1:1).

Ойын одан әрі шиеленісе түсті. 72-минутта Криштиану Роналду есепті 2:1-ге жеткізді, бұл оның мансабындағы 929-шы гол болды. Бірақ көп ұзамай — 76-минутта Кристиан Эриксен есепті теңестірді (2:2), ал араға бірнеше минут салып Дания есепте алға шықты — 2:3.

Португалия берілмеді. 86-минутта Франсишку Тринкан өзінің алғашқы голын соғып, матчты экстра-таймға алып келді — 3:3. Қосымша уақыттың алғашқы минутында сол Тринкан дубль авторы атанып, Португалияны қайта алға шығарды (4:3). Ал 115-минутта Гонсалу Рамуш соңғы нүктені қойды — 5:3.

Қос матч қорытындысы бойынша Португалия 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының жартылай финалына өтті.

Ұлттар Лигасы. 1/4 финал. 24 наурыз
Португалия – Дания – 5:2 (алғашқы ойын 1:0)
Голдар: Андерсен 38 (автогол), Роналду 72, Тринкау 86, 91, Рамус 115, – Кристенсен 56, Эриксен 76

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie