locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Севилья» - «Барселона». 5 қазан. Онлайн көру. Live көрсетілім

«Барселона» таққа ұмтылуда: бүгін-ақ «Реалды» басып озады ма?
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Севилья» - «Барселона». 5 қазан. Онлайн көру. Live көрсетілім
ФОТО: Getty images

5 қазан күні Ла Лиганың 8-туры аясында «Севилья» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Бұл кездесу жанкүйерлерге нағыз тартыс сыйламақ: алаң иелері турнир кестесінің ортасында орнығуды көздесе, каталондықтар – көш басына шығуды мақсат етеді.

Өткен турда «Севилья» «Райо Вальеканоны» 1:0 есебімен жеңіп, сенімді ойын көрсетті. Ал Флик шәкірттері өз алаңында «Реал Сосьедадты» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Қазіргі турнирлік жағдай матчтың маңызын арттыра түседі. «Барселона» 19 ұпаймен 2-орында тұр. Егер каталондықтар жеңіске жетсе, 22 ұпай жинап, 21 ұпайы бар «Реалды» басып озып, Ла Лига көшбасшысы атанады. Ал «Севилья» 10 ұпаймен 10-орында орналасқан және өз алаңында тосынсый жасауға тырысады.

Кездесу Астана уақытымен 19:15-те басталады. Тікелей эфирді Setanta Sports 2 арнасынан көруге болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie