locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» дағдарыста ма? Флик «Севильядан» алған масқара жеңілістен кейін ақталды

Флик «Севильядан» ірі жеңілістен кейін пікір білдірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Барселона» дағдарыста ма? Флик «Севильядан» алған масқара жеңілістен кейін ақталды
ФОТО: Getty images

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ла Лиганың 8-турында «Севильядан» 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін өз ойын айтты. Маманның айтуынша, осындай ауыр сәтке қарамастан, «блауграна» сенімін жоғалтпай, маусымды соңына дейін жігермен өткізуге тиіс.

«Біз – мықты командамыз, және жарақат алған ойыншыларымыз біртіндеп қатарға қосылып жатыр. Бұған позитивті тұрғыдан қарауымыз керек. Екінші таймда көрсеткен реакцияға ризамын», – деді Флик.

Сонымен қатар ол мәселе тактикада емес, жіберілген өрескел қателіктерде екенін атап өтті.

«Мәселе жүйеде емес. Біз әрқашан бірдей ойнаймыз. Бірақ бүгін көп нәрсе ойдағыдай болмады: бірінші тайм сәтсіз өтті, ал екінші кезеңде біз жағдайды түзетуге тырыстық. Мұндай ойындардан сабақ алып, алда мықтырақ оралуымыз керек».

Айта кетейік, кездесу 5 қазанда «Рамон Санчес Писхуан» аренасында өтті. «Севилья» «Барселонаны» сенсациялық түрде ойсырата жеңді – 4:1.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie