Санчес голы және Левандовскийдің жіберіп алған пенальтиі. «Севилья» «Барсаны» тосыннан ойсырата жеңді
5 қазан күні Испания Ла Лигасының сегізінші туры аясында «Севилья» «Рамон Санчес Писхуан» стадионында «Барселонаға» қарсы алаңға шықты.
Андалусиялық команда кездесуді өте белсенді бастады. 36-минутқа дейін севильялықтар есепте 2:0 алға шықты. Алдымен Алексис Санчес пенальтиден дәл соққы жасап, кейіннен Исаак Ромеро дәл көздеді.
Дегенмен, үзіліске санаулы минуттар қалғанда каталониялықтар сапынан Маркус Рэшфорд жауап голын соқты.
Нәтижесінде, бірінші таймда «Севилья» 2:1 есебімен алда шықты.
Екінші таймда, 76-минутта поляк шабуылшысы Роберт Левандовский пенальти мүмкіндігін пайдалана алмады.
Ал ойын аяқталар шақта «Севилья» «блаугранас» қақпасына тағы екі гол соқты. Бұл голдардың авторлары — Хосе Анхель Кармона және Акор Адамс.
Осылайша, севильялықтар 4:1 есебімен ірі жеңіске жетті!
Ла Лига. 8-тур
«Севилья» - «Барселона» - 4:1 (2:1)
Голдар: Санчес, 13 (пенальтиден), Ромеро, 37, Кармона, 90, Адамс, 90+6 — Рэшфорд, 45+7.