Рэшфорд матчтың үздік ойыншысы деп танылды, 1:4 есебіне қарамастан
Жеңімпаз командадан лайықты ойыншы табылмаған матчтың MVP таңдауындағы оғаш шешім
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
«Барселона» шабуылшысы Маркус Рэшфорд командасының «Севильяға» қарсы ойынында күтпеген жерден матчтың үздік ойыншысы атанды. Испания Ла Лигасының сегізінші турындағы кездесу каталондықтардың күйрете жеңілуімен аяқталды.
Бұл ойында Рэшфорд «блауғранастың» жалғыз голын соқты, бірақ алаңдағы ойын барысын мүлдем басқа футболшылар айқындады. Олар — алаң иелері.
Кездесудің қорытындысы бойынша «Барселона» каталондықтар 1:4 есебімен күйрете жеңілді. Бұл «Севильядан» «Барселона» 2006 жылдан бері алған алғашқы ірі жеңіліс болды.
Бүгінгі сәтсіздіктен кейін «Барселона» Испания чемпионатында екінші орынды сақтап қалды, «Реалдан» екі ұпайға қалып келеді. «Севилья» 13 ұпаймен төртінші орында тұр.