locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтің «Бернли» сапындағы дебюттік матчынан бейнешолу

Дастан «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шықты
ФОТО: x.com/perro_chelsea
Чемпионшип Англия
23.08.2026, Аяқт.
Вест Бромвич
3
Бернли
1

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев 23 тамызда ағылшындық «Бернли» клубында дебют жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы вундеркинд Чемпионшиптің екінші турындағы «Вест Бромвичке» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, 30 минуттан сәл артық уақыт өткізді, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Дастан алаңға шыққанда, оның командасы 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Одан кейін «бордовые» тағы бір гол жіберіп алып, матчты 1:3 есебімен аяқтады.

Қазақстандық шабуылшы ойынды қосалқы құрамда бастап, 57-минутта Джош Лоренттің орнына алаңға шықты. Бұл 18 жастағы футболшы үшін «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матч болды. Қазақстандық ойыншы клубта Лондондық «Челсиден» маусым соңына дейін жалға алынған.

«Бернли» Чемпионшиптің екі турынан кейін бір ұпай жинады. Сатпаевтың командасы келесі ойынын 26 тамызда Англия лигасы кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді. Ал 29 тамызда «бордовые» чемпионат аясында «Норвичпен» кездеседі.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie