locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ол алаңға шығуы керек»: «Бернли» жанкүйерлері Сатпаевтың дебютіне қалай реакция білдірді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Вест Бромға» қарсы ойында алаңға шықты
ФОТО: x.com/ChelseaInPhotos

Дастан Сатпаев 23 тамызда «Бернли» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Англия Чемпионшипінің 2-турындағы «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шығып, 30 минуттан астам уақыт өнер көрсетті.

Дастанның дебюті «қызыл-қоңырлардың» жанкүйерлерінің назарынан тыс қалған жоқ. Ойыннан кейінгі пікірлерде команданың жанкүйерлері негізінен ойыншылар мен сәтсіз нәтижеге сын айтқанымен, Дастанға қатысты оптимистік көзқарас танытып, оны негізгі құрамда көргісі келетінін білдірді.

Ойыннан кейін «Бернлидің» 18 жастағы қазақстандық таланты жайлы жанкүйерлер былай деп жазды:

«Үміттенемін, Сатпаев келесі ойында бастапқы құрамда болады»;

«Келесі матчта Эдвардстың орнына Сатпаевты негізгі құрамға көргім келеді»;

«Сатпаев алаңда белсенді көрінеді, себебі ол жүгіріп жүр, ал қалғандарының көбісіне бұл тән емес»;

«Сатпаевтың “Бернли” сапында қалай өнер көрсететінін көру өте қызықты»;

«Эдвардсқа да, жалпы командалық ойынға да сұрақтарым көп... Неге олар Сатпаевқа пас бермейді? Көптеген ойыншылар бірінші рет бірге ойнап тұрғандай әсер қалдырды. Бұл қорқынышты болды»;

«Командалық ойын жоқ. Ешкім Дастанға пас бергісі келмейтін сияқты. Бірлік болмаса, жеңіс те болмайды»;

«Дастан Сатпаев та үміт күттірерлік көрінді; оның алға ұмтылып, сәттер жасауға деген ықыласы көзге ұрып тұр»;

«Дастанды бастапқы құрамға қойыңдар, ол гол соғады», – деп жазды жанкүйерлер матчтан кейін.

Қазақстандық шабуылшы ойынды қосалқы құрамда бастап, 57-минутта Джош Лоренттің орнына алаңға шықты. 18 жастағы футболшы үшін бұл — «Бернли» сапындағы алғашқы ресми матч. Қазақстандық ойыншы маусым соңына дейін Лондонның «Челси» клубынан жалға алынған.

«Бернлидің» еншісінде Чемпионшиптің екі турында бір ғана ұпай қалды. Сатпаевтың командасы келесі ойынын 26 тамызда Англия лигасының кубогында «Бредфорд Ситиге» қарсы өткізеді. Ал 29 тамызда «қызыл-қоңырлар» Англияның екінші дивизионында сырт алаңда «Норвичпен» кездеседі.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie