locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтің «Бернли» үшін дебюті жеңіліспен аяқталды

Қазақстандық шабуылшы матчты қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты
Фото: instagram.com/burnleyofficial
Чемпионшип Англия
23.08.2026, Аяқт.
Вест Бромвич
3
Бернли
1

«Вест Бромвич» Чемпионшиптің екінші турында «Бернлиді» тізе бүктірді. Кездесу Уэст-Бромидждегі «Хоторнс» стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қонақтар есепті ойынның сегізінші минутында ашты – «Вест Бромвичтің» қорғаушысы Каллум Стайлз өз қақпасына гол соқты. Алайда алаң иелері жылдам ес жиналды: 18-минутта Гарри Уитвелл таразы басын теңестірді.

Екінші таймның басында «Вест Бромвич» алға шықты. 46-минутта Айзек Прайс мергендік танытса, 65-минутта жартылай қорғаушы пенальтиден тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев матчты қосалқы құрамда бастап, 57-минутта Джош Лоренттің орнына алаңға шықты. 18 жастағы форвард үшін бұл кездесу «Бернли» сапындағы алғашқы ресми ойыны болды. Қазақстандық ойыншы клубта Лондонның «Челсиінен» жалға берілген.

Екі турдан кейін «Вест Бромвич» алты ұпай жинады. «Бернлидің» еншісінде бір ғана ұпай бар. Бірінші турда «Вест Бромвич» «Норвич Ситиді» 2:1 есебімен ұтса, «Бернли» «Вест Хэммен» 2:2 болып тең түсті.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie