Дастан Сатпаев «Бернли» сапында дебют жасауы мүмкін: «Вест Бромвичке» қарсы матчты қайдан көруге болады
23 тамызда «Бернли» Англия Чемпионшипінің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық жанкүйерлердің назары бұл кездесуде Дастан Сатпаевқа ауады. Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы осы жазда «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысып, енді жаңа клубы сапында алғашқы ресми матчын өткізуі мүмкін.
«Вест Бромвич» жаңа маусымды жеңіспен бастады. Бірінші турда команда сырт алаңда «Норвичті» 2:1 есебімен жеңіп, алғашқы үш ұпайын еншіледі.
Ал «Бернли» маусымдағы алғашқы ойынында «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түсті. Сол кездесуде команда екі доп айырмасымен ұтылып жатқанымен, ойынға қайта оралып, жеңілістен құтылып кеткен еді.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді.
Бірінші турдан кейін «Вест Бромвичтің» еншісінде үш ұпай бар, ал «Бернли» бір ұпай жинады.
Сатпаев үшін алаңға шығу Англиядағы мансабының маңызды кезеңіне айналуы мүмкін. Қазақстандық футболшының трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі. Лондондық клуб жас шабуылшының тұрақты ойын тәжірибесін алуы үшін оны «Бернлиге» жалға жіберді.
Кездесу «Хоторнс» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады. «Вест Бромвич» - «Бернли» матчының тікелей трансляциясы осы сілтеме арқылы қолжетімді.