Родридің «Реалға» ауысуының неге жүзеге аспағаны белгілі болды
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри енді «Барселонаға» ауысуға жақын, дегенмен оның мадридтік «Реалға» өту мүмкіндігі болған. Алайда неге жартылай қорғаушы «Сантьяго Бернабеуге» жол тартпағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Daily Mail бірнеше себепті атап өтеді. Жанкүйерлердің талабына қарамастан, «Реалдың» өзі Родриді трансферлеуге айтарлықтай қызығушылық білдірмеді. Оған тек президент Флорентино Перес пен бас директор Хосе Анхель Санчес қоңырау шалған, ал бас бапкер Жозе Моуринью байланысқа шықпаған.
Салыстыру үшін айта кетсек, португалиялық маман бұған дейін Бернарду Силва және Марк Кукурельямен бірнеше рет тілдесіп, оларды осы жазда командаға алғысы келген.
«Реалдың» ішінде де Родриді алу туралы күмән болған көрінеді. Кейбіреулер жартылай қорғаушының «допты тым ұзақ ұстайтынын» алға тартып, клуб оның орнына «барынша динамикалық ойыншы» іздеп жүргенін айтқан.
Родридің өзі мадридтіктер тарапынан қызығушылықтың жеткіліксіздігін сезінген, ал «Барселона» бас бапкері Ханси Флик, клуб президенті Жоан Лапорта, спорттық директор Деку мен бірқатар команда ойыншылары оған жеке хабарласып, «Камп Ноуға» келуге үгіттеген.
Сондықтан, қаржылық шарттар шамалас болғанына қарамастан, Родри «Барселонаға» ауысуға шешім қабылдады.