РЕСМИ. Витор Роке Палмейрасқа ауысу үшін Барселонаға оралды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Испаниялық "Бетис" клубы жалға алу мерзімінен бұрын аяқталғанын мәлімдеді. Клуб негізінде шабуылшыны маусым соңына дейін жалға алған болатын.
Енді "блауграна" ойыншыны "Палмейрас" клубына 25+5 млн еуроға сатады. Сондай-ақ келесі трансферден де пайда көретін болады.
Бразилиялық клуб Рокеге бес жылға жарамды келісімшарт және жылына 2,5 млн еуро көлемінде жалақы ұсынды.
Айта кетейік, "Барселона" 19 жастағы шабуылшыны 2024 жылы "Атлетико Паранаэнседен" 35 млн еуроға сатып алған еді. Бразилиялық ойыншы каталониялық клуб сапында бар болғаны 16 ойынға қатысып, 2 ғана гол соққан.
Сондай-ақ оқыңыз: АПЛ клубы өз сапында Реалдың аңызы Боббиді көргісі келеді