РЕСМИ. Қызыл қағаз күшін жойды. Антони Реалға қарсы матчқа қатысады
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Бетис" "Хетафеге" (1-2) қарсы матчта Антониге көрсетілген қызыл қағазға байланысты апелляция берген еді.
Ла Лига мұны қарастырып, "жасылдардың" пайдасына шешім шығарды. Бразилиялық шабуылшының "Хетафеге" қарсы матчта алған қызыл қағазы күшін жойды.
Енді Антони алдағы матчтарға қатыса алады.
Айта кетейік, Ла Лиганың 26-турындағы "Бетис" – "Реал" матчы 1 наурыз күні өтеді.
Еске сала кетейік, 25 жастағы бразилиялық шабуылшыны "Бетис" қаңтар айында "Манчестер Юнайтедтен" жалға алған болатын.
Қысқы трансфер кезінде испаниялық клубқа ауысып келген ойыншы қаңтар айынан бері қарай 6 ойынға қатысып үлгерді. 3 гол соғып, 2 голдық пас берді.