Бетис - Реал Мадрид - 2:1. Реалдың маусымдағы ең нашар ойыны ма? Голдар және матчқа бейнешолу
1 наурыз күні Испания чемпионатының 26-шы турындағы “Бетис” пен “Реал Мадрид” (2:1) кездесуі өтті.
Кездесудің басында қонақтар допты иемденіп, жақсы ойын көрсетіп, 10-минутта есеп ашты – Брахим Диас гол соқты. Бірақ үстемдік ұзаққа бармай, “Бетис” ойын тізгінін өз қолына алып, ойын соңына дейін жібермеді. 34-минутта “Реалдың” бұрынғы ойыншысы Иско алаңның бұрышынан қақпашы зонасына допты көтерді, онда Кардосо мүмкіндігін пайдалана алды. Ал екінші таймның басында Рюдигер өз айып алаңында ұқыпсыз ойнап, пенальти алып келді. Иско нүктеден қақпаның сол жақ бұрышына соққы жасап, өз голын соқты. Нәтижесінде “Бетис” 2:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Ла Лига. 26-шы тур. 1 наурыз
Бетис - Реал Мадрид - 2:1
Голдар: Кардосо, 34, Иско, 54 (пенальти) - Диас, 10.
Матчқа бейнешолу: