Иско бұрынғы командасының көңілін қалдырды. Реал сырт алаңдағы қиын ойында Бетистен жеңілді
Испания Примерасының 26-шы турының ойыны аяқталды, онда “Бетис” Андалусияда мадридтік “Реалды” қабылдады.
10-минутта “Реал” қақпаға бірінші соққысын жасап, есеп ашты. Бірақ бұдан кейін қонақтар ойынды толықтай беріп қойды – “Реалдың” “Бетис” қақпасына екінші дәл соққысы тек 84-минутта ғана болды. Алаң иелері барлық жағынан жақсырақ болып, есеппен нәтижені қамтамасыз етті - олар бірінші таймда есепті теңестірсе, ал екінші таймның басында мадридтік клубтың бұрынғы ойыншысы Иско пенальтиді орындап, матчтың жеңіс голын тойлады.
Осылайша, “қиярлар” “Реалды” 2:1 есебімен ұтып, кестенің 6-шы орнында табан тіреді. “Реал Мадрид” сырттағы қиын ойыннан ұпай ала алмай кетті. “Галактикос” 54 ұпаймен кестеде екінші орында қалды. Бірақ “Барселона” (54) мен “Атлетико” (53) бұл турда әлі өз ойындарын өткізген жоқ.
Ла Лига. 26-шы тур. 1 наурыз
Бетис - Реал Мадрид - 2:1
Голдар: Кардосо, 34, Иско, 54 (пенальти) - Диас, 10.
