locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Аргентина құрамасының көшбасшысы АПЛ-дан Ла Лигаға ауысты

Кристиан Ромеро «Тоттенхэмнен» кетіп, 2031 жылға дейін «Атлетико» клубымен келісімшартқа қол қойды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

Аргентиналық қорғаушы Кристиан Ромеро «Тоттенхэм» клубынан кетіп, Мадридтің «Атлетико» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Атлетико» Кристиан Ромероның келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Мадридтік клуб аргентиналық қорғаушының трансферін толықтай төлеу туралы «Тоттенхэммен» келісімге келді және футболшымен 2031 жылға дейін келісімшарт жасасты.

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Атлетико» қорғаушы үшін 40 миллион еуро және қосымша бонустар төлейді. Сонымен қатар, «Тоттенхэм» болашақтағы ойыншыны сатудан 15% үлес алатын болады.

Ромеро Лондон клубында бес маусым өткізді. Осы уақыт аралығында аргентиналық 124 матчқа қатысып, командаға 2025 жылы Еуропа лигасының титулын жеңіп алуға көмектесті.

Айта кетейік, қорғаушы 2022 жылғы әлем чемпионы және Аргентина құрамасы сапында екі дүркін Америка кубогының иегері атанған.

Айтпақшы, бұған дейін «Атлетико» Хулиан Альвареске байланысты «Барселонаға» орындалуы қиын талаптар қойғаны хабарланған болатын.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie