locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реалға» ауыр тиеді. Мбаппе «Әл-Хиләлға» қарсы ойынды өткізіп алу қаупі бар

Мадридтік клубтың жұлдызы әлем чемпионатының ашылу ойынына дайын болмауы мүмкін
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Реалға» ауыр тиеді. Мбаппе «Әл-Хиләлға» қарсы ойынды өткізіп алу қаупі бар
ФОТО: Getty Images

Француз жұлдызы Килиан Мбаппе 18 маусымнан 19 маусымға қараған түні өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы мадридтік «Реалдың» «Әл-Хиләлға» қарсы бірінші ойынын өткізіп алуы мүмкін.

Франция құрамасының капитаны 17 маусымда «Реал» командасының негізгі сапында көрінбеді. Ол дене қызуының көтерілуіне байланысты команданың жаттығуларына қатыспаған деген ақпарат пайда болды. Енді ол клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы бірінші ойынға қатыса алмайды деген алаңдаушылық бар.

Жаңа бапкер Хаби Алонсоның ойыншыларының формасында бірнеше проблемалар бар - қорғаушылар Антонио Рюдигер, Давид Алаба, Эдер Милитао және Ферлан Менди енді ғана қалпына келді, ал Эдуардо Камавинга мен Эндриктің де кішкене жарақаттанған болатын.

Бірақ соған қарамастан «Реал» турнирдегі ең қымбат команда болып табылады - ойыншылардың жалпы құны 1,33 млрд еуроны құрайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie