locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» – «Севилья» – 2:0. Беллингем ойынның ырғағын белгіледі, Мбаппе тарихқа енді. Голдар және матчқа бейнешолу

«Реал» «Севильяны» «Бернабеуде» сенімді түрде ұтты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Реал» – «Севилья» – 2:0. Беллингем ойынның ырғағын белгіледі, Мбаппе тарихқа енді. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

«Реал» Ла Лиганың 17-туры аясында өз алаңында «Севильяны» 2:0 есебімен жеңіп, турды сенімді нәтижемен аяқтады. Кездесу бойы бастаманы толық бақылауда ұстаған алаң иелері шешуші сәттерде өз класын көрсете білді.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Реал» допқа иелік етіп, ойынның қарқынын өзі белгіледі. Қонақтар қорғаныста тәртіп сақтауға тырысқанымен, бірінші таймның соңына қарай қысымға төтеп бере алмады. 38-минутта Джуд Беллингем шабуылды дәл аяқтап, есеп ашты.

Екінші таймда мадридтіктер ойынды толық бақылауға алды. 68-минутта «Севилья» бір ойыншысынан айырылды - Маркан қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын алған «Реал» асығыс қимылдамай, кездесуді сабырмен соңына дейін жеткізді.

Шешуші нүкте матчтың соңында қойылды. 86-минутта Килиан Мбаппе пенальтиді дәл орындап, есепті еселеді. Бұл гол француз шабуылшысы үшін ерекше мәнге ие болды: Мбаппе «Реал» сапында бір күнтізбелік жылда 59 гол соғып, клуб тарихындағы аңыз ойыншы Криштиану Роналдудың көрсеткішін қайталады.

Осылайша, Мбаппе мадридтік клубтың тарихында айрықша орын алатын жетістікке қол жеткізіп, жеңісті әдемі түрде түйіндеді.

Назарларыңызға матчтың бейнешолуы ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie