locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Роналду рекордын қайталады

Француз «Реал» сапында аңыз португалдықпен бірдей гол соқты
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппе клубтың бұрынғы ойыншысы Криштиану Роналду орнатқан аңыздық жетістігін қайталады – мадридтік ұжым құрамында бір күнтізбелік жылда 59 гол соқты.

Бұл тарихи оқиға Испания Ла лигасының 17-турындағы "Севильяға" қарсы жеңісті матчтың 86-минутында орын алды. 85-минутта Родриго пенальти жасады, ал Мбаппе оны сәтті орындады. Осылайша, бұл гол оның 2025 жылғы «Реал» сапындағы 59-шы голы болды. Мбаппе мерекелік голын Роналду стилінде атап өтті: әйгілі Siiiu! қимылын қайталады.

Араға көп уақыт салмай-ақ, Мбаппе тағы бір пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды – бұл жолы Беллингемге жасалған фол үшін. Алайда төреші VAR-ды қарап, 11 метрлік айып добын жоққа шығарды.

Матч 2:0 есебімен аяқталды. Голдар авторы – Беллингем мен Мбаппе.

«Реал» – «Севилья» – 2:0 (1:0)

Голдар: Беллингем, 38 (1:0), Мбаппе, 86 – пенальтиден (2:0).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie