locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беллингем мен Мбаппе шешуші рөл атқарды.«Реал» «Севильяны» артық әбігерсіз-ақ еңсерді

«Реал» «Бернабеуде» «Севильяны» сабырмен тізе бүктірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Беллингем мен Мбаппе шешуші рөл атқарды.«Реал» «Севильяны» артық әбігерсіз-ақ еңсерді
ФОТО: Getty images

21 желтоқсанға қараған түні Мадридтің «Реал» клубы Ла Лиганың 17-туры аясында өз алаңында «Севильяны» қабылдады. «Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесу алаң иелерінің толық басымдығымен өрбіді.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ мадридтіктер ойынды өз бақылауына алып, қарқынды диктовать етті. Бірінші таймдағы шешуші сәт 38-минутта тіркелді: Джуд Беллингем шабуылды нық аяқтап, есеп ашты.

Екінші таймда қонақтар ойынды теңестіруге тырысқанымен, 68-минутта жағдай күрт өзгерді. Маркан тікелей қызыл қағаз алып, «Севилья» азшылықта қалды. Сандық басымдыққа ие болған «Реал» сабыр сақтап, ойынды өз ырқында ұстап тұрды.

Кездесудің нүктесін 86-минутта Килиан Мбаппе қойды. Француз шабуылшысы пенальтиді мүлтіксіз орындап, мадридтік клубтың сенімді жеңісін бекітті.

Ла Лига. 17-тур

«Реал» – «Севилья» – 2:0

Голдар: Беллингем, 38; Мбаппе, 86 (пен.)

Қызыл қағаз: Маркан, 68 («Севилья»)

Бұл жеңістен кейін «Реал» 42 ұпаймен Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалды. «Севилья» 20 ұпаймен тоғызыншы сатыда тұр.

Келесі турда мадридтіктер «Реал Бетиспен» кездессе, «Севилья» «Левантемен» ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie