«Реал» «Мальоркадан» жеңісті екі минутта жұлып алды: Мбаппе тағы да төрешілердің нысанасына ілікті
31 тамыз түні мадридтік «Реал» Ла Лиганың 3-турында күтпеген қарсылыққа тап болды. Хаби Алонсоның шәкірттері «Мальоркаға» қарсы ойында алғашқыда қателікке бой алдырып, 18-минутта Ведат Мурики Куртуа қақпасына гол соғып, қонақтарды алға шығарды – 0:1.
Алайда мадридтіктер жауапсыз қалмады. 37-минутта Арда Гүлер әсем соққымен есепті теңестірсе, араға бір-ақ минут салып Винисиус Жуниор «Реалды» алға шығарды – 2:1. Бұл жылдам камбэк матчтың тағдырын шешкен сәтке айналды. Екінші таймда «Мальорка» қарқынын жоғалтып, есеп өзгермей қалды.
Айта кетерлігі, «Реалдың» тағы үш голы есепке алынған жоқ: төреші екі рет Килиан Мбаппенің офсайдын белгіледі, ал Арда Гүлердің тағы бір голы қолмен ойнағаны үшін есепке алынбады.
Ла Лига, 3-тур
«Реал Мадрид» — «Мальорка» — 2:1 (2:1)
Голдар: Арда Гүлер, 37 (1:1). Винисиус Жуниор, 38 (2:1). — Ведат Мурики, 18 (0:1).
Енді «Реал» 13 қыркүйекте «Реал Сосьедадпен», ал «Мальорка» 16 қыркүйекте «Эспаньолмен» кездеседі.