Фото. «Реал» қалай екі минутта ойынға қайта оралып, камбэк жасады?
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
«Сантьяго Бернабеуде» жанкүйерлер Мадридтің «Реалы» мен «Мальорка» арасындағы матчта көз ілеспес камбэктің куәсі болды. 17-минутта Ведат Мурикидің тосыннан соққан голынан кейін, алаң иелері ұзақ уақыт қарсылас қақпасына жол іздеді. Камбэк бірінші таймның соңында орын алды.
37-минутта жас түрік таланты Арда Гүлер дәл соққымен есепті теңестірді – 1:1. Екі минут өтпей жатып, стадион тағы да жарылды: Винисиус Жуниор Корольдік клубтың шабуылын түйіндеп, командасын алға шығарды – 2:1.
Қатарынан соғылған екі дәл соққы ойынның барысын толық өзгертті және «Реалды» қайта ойынға қайтарды. Матчқа тікелей көрсетілім.

