Фото. Қалай «Реал Мадрид» алғаш рет Ла Лигада гол жіберді
31 тамызға қараған түні «Сантьяго Бернабеуде» Ла Лиганың 3-туры аясында «Реал» мен «Мальорка» кездесуі басталды.
Ойын күтпеген жағдайда өрбіді: бар болғаны 6-минутта Килиан Мбаппе қақпаны дәл көздеп, мадридтіктерді қуантқан еді. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады - гол офсайд себепті есепке алынбады.
Ал «Мальорка» өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. 17-минутта албандық шабуылшы Ведат Мурики Тибо Куртуаны қапы қалдырып, есеп ашты. Бұл доп тек стадиондағы жанкүйерлер үшін тосынсый болып қойған жоқ, сонымен қатар маусымның ерекше сәтіне айналды – «Реал Мадрид» Испания чемпионатында алғаш рет қақпасына гол жіберді. Бұған дейін Корольдік клуб екі тур қатарынан өз қақпасын мызғымай қорғап келген еді.

