Кім алаңға шығады? «Реал» мен «Мальорканың» негізгі құрамы жарияланды
30 тамыздан 31 тамызға қараған түні «Сантьяго Бернабеуде» Хаби Алонсо шәкірттері «Мальоркаға» қарсы ойнайды. Бұл кездесу тартысқа толы болмақ: алаң иелері жеңісті жолын жалғастыруды көздесе, қонақтар фаворитке лайықты қарсылық көрсетуді мақсат етіп отыр.
Хаби Корольдік клубтың бастапқы құрамын анықтады. Алғашқы минуттардан алаңға шығатындар:
• Куртуа, Трент, Милитао, Хейсен, Каррерас, Чуамени, Арда Гүлер, Вальверде, Мастантуоно, Мбаппе және Винисиус Жуниор.
Ал «Мальорканың» таңдауы тәжірибелі ойыншыларға түсті:
• Лео Роман, Хауме, Райо, Валъент, Кумбулла, Лато, Морланес, Дардер, Пабло Торре, Матео Джозеф және Муриг.
Кездесу Астана уақытымен 00:30-да басталады. Матчқа тікелей көрсетілім.