«Реал» футболшылары Ла Лигадағы ойында қызыл карточка алды. Мадридтіктер күтпеген жерден ортаңғы командаға ұтылды
«Реал» Испания чемпионатындағы ойында «Сельтаға» жеңілді.
Галисиялықтар 53-минутта Виллиот Сведбергтің дәл соққысынан кейін алға шықты.
Ал 64-минутта мадридтіктердің қорғаушысы Фран Гарсия дөрекі ойын үшін қызыл карточка алды.
Нәтижесінде, «Реал» бұл матчта «Сельтаға» қарсы аз құрамда қалды.
Сандық басымдықты пайдаланған галисиялықтар тағы бір гол соқты – бұл жолы да дубль авторы Сведберг!
Сондай-ақ қосымша уақытта мадридтіктердің тағы бір өкілі – Альваро Каррерас, спортқа жат әрекеті үшін алаңнан қуылды.
Қорытындысында, «Реал» өз алаңында 0:2 есебімен ұтылды.
Қызыл карточка алған Фран Гарсия – «Реал» академиясының түлегі. Мадридтік клубтан бөлек, ол «Кастилья» мен «Райо Вальеканода» да өнер көрсеткен.
Каррерас «Реалға» дейін «Бенфика», «Гранада», «Престон» және «МЮ» клубтарында ойнаған.