Екі қызыл қағаз және шведтің дублі: өкшемен гол соққан «Сельта» Мадридте «Реалды» сенсациялық түрде жеңді
Жетінші желтоқсаннан сегізіне қараған түні Испания Ла Лигасының 15-турында мадридтік «Реал» мен «Сельта» өзара кездесті.
Бірінші таймда есеп ашылмады.
Ал екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шыққан Виллиот Сведберг нағыз шоу жасады. Алдымен швед футболшысы 53-минутта өкшемен гол соқты, кейін қосымша уақытта дубль жасады.
Қызығы, екінші тайм барысында «Реалдан» Фран Гарсия мен Альваро Каррерас қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Нәтижесінде, «Сельта» сырт алаңда 0:2 есебімен сенсациялық жеңіске жетті.
Ла Лига. 15-тур
«Реал» Мадрид – «Сельта» - 0:2
Голдар: Сведберг, 53, 90+3.
Қызыл қағаздар: Гарсия, 64, Каррерас, 90+3 (екеуі де – «Реал»).
«Реал» 36 ұпаймен Испания чемпионатында екінші орында тұр. «Сельта» 19 ұпаймен оныншы сатыда.